Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 28.11.2022 № 360 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Заңының 27 бабының 2 тармағына және "Iшкi сауда қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына сәйкес, (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11148 болып тiркелген) Сарыағаш ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарыағаш ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 343 "Сарыағаш ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4219 тіркелген, 2017 жылғы 06 қазанда "Сарыағаш" газетінде және 2017 жылғы 06 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Таскуловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарыағаш ауданының әкімі | М. Отаршиев |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 20 желтоқсандағы 2020 жылғы № 342 қаулысына қосымша |
Сарыағаш ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар
№ | Елді мекеннің атауы | Орналасатын орны |
1 | Сарыағаш қаласы | Бәйтерек көшесі, № 150 көппәтерлі тұрғын үйдің жаны |
2 | Дарбаза ауылдық округі | Дарбаза ауылы КХ-11 облыстық маңызы бар автомобиль жолының бойы (Дарбаза жанар-жағармай құю бекетінің жанында) |
3 | Дарбаза ауылдық округі | Ердәуіт ауылы, Жастар көшесі, № 4 тұрғын үйдің жаны |
4 | Әлімтау ауылдық округі | Әлімтау ауылы, Ә.Молдағұлова көшесі, № 174 |