Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 20.12.2020 № 342 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабының 2 тармағына және "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарыағаш ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Агибаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К.Абдуалиев |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 343 қаулысына қосымша |
Сарыағаш ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар
№ | Орналасқан жері |
1 | Сарыағаш қаласы, Бәйтерек көшесі, № 150 көппәтерлі тұрғын үйдің жаны |
2 | Дарбаза ауылдық округі, Құрсай ауылы, Ынтымақ көшесі № 26 тұрғын үйдің жаны |
3 | Әлімтау ауылдық округі, Әлімтау ауылы, А.Молдағұлова көшесі, № 174 ескі балабақша ғимаратына қарама қарсы бет |
4 | Ақтөбе ауылдық округі, Қаратөбе ауылы, Егемендік көшесі, № 92 ескі мектеп ғимаратының жаны |