ЗҚАИ-ның ескерпесі!
Қаулының қолданыста болу мерзімі – 31.12.2020 дейін (қаулының 6-т.).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабы және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағы 4-1) тармақшасына, 62 бабының 6 тармағына сәйкес Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Төлеби ауданы әкімінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 527 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4384 тіркелген, 2018 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Төлеби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Осы қаулы 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін әрекет етеді.
Төлеби ауданының әкім | Б. Омарбеков |
Төлеби ауданы әкімдігінің "11" тамыз 2020 жылғы № 235 қаулысына 1 қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Мектепке дейінгі ұйымдар саны | Мектепке дейінгі ұйымдардағы орын саны | Жергілікті бюджет есебінен қаржыланатын бала саны |
| 6580 | 6580 |
Төлеби ауданы әкімдігінің "11" тамыз 2020 жылғы № 235 қаулысына 2 қосымша |
Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)
Мектепке дейінгі ұйымдар | Саны | Қаржысы |
Мемлекеттік балабақшалар | 27 | қажеттілік бойынша |
Жекеменшік балабақшалар | 26 | 23125 |
Шағын орталықтар | 12 | 9391 |
Барлығы | 65 |