Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 527 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 9 қаңтарда № 4384 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 11 тамыздағы № 235 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 11.08.2020 № 235 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес, Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға 1-қосымшаға;

      2) ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Төлеби ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 102 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 12 мамырда № 4098 тіркелген, 2017 жылғы 19 мамырда "Төлеби туы" қоғамдық-саяси газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Тулеповке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б.Парманов

  Төлеби ауданы
әкімдігінің 2017 жылғы
26 желтоқсандағы
№ 527 қаулысына
1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны

Оның ішінде

республикалық бюджет есебінен

жергілікті бюджет есебінен

5418

4598

820

 
  Төлеби ауданы
әкімдігінің 2017 жылғы
26 желтоқсандағы
№ 527 қаулысына
2-қосымша

Ата-ана төлемақысының мөлшері

Барлығы:

Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес)

Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес)

325,50

404,26


      Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады