Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 29.11.2023 № 785 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабының 6 тармағының бірінші абзацына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 бұйрығымен бекітілген Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 тіркелген) Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Төлеби ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Төлеби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Серікбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жариялануға жатады және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төлеби ауданының әкім | Б. Омарбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Төлеби ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ С. Ердыкаликов
"____" ________ 2020 жыл
Төлеби ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 399 қаулысына қосымша |
Төлеби ауданы бойынша салық салу мақсатында кәсіпкерлік қызметте қолданылмайтын жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік объектілерінің құнын есептеу кезінде қолданылатын аймаққа бөлу коэффициенті
№ | Елді мекен атауы | Аймаққа бөлу коэффициенті |
1 | Аққұм ауылдық округі | |
2 | Аққұм | 2,30 |
3 | Жаңаұйым | 2,25 |
4 | Момынай | 2,20 |
5 | Алатау ауылдық округі | |
6 | Алатау | 2,30 |
7 | Біркөлік | 2,20 |
8 | Екпінді | 2,15 |
9 | Жаңатұрмыс | 1,75 |
10 | Қайнар | 1,95 |
11 | Қорған | 1,95 |
12 | Қосағаш | 2,00 |
13 | Нысанбек | 1,95 |
14 | Шатыртөбе | 1,85 |
15 | Шұбарағаш | 1,85 |
16 | Жоғарғы Ақсу ауылдық округі | |
17 | Мәдени | 2,00 |
18 | Сарқырама | 2,00 |
19 | Зертас ауылдық округі | |
20 | Жаңакүш | 1,65 |
21 | Зертас | 2,30 |
22 | Киелітас ауылдық округі | |
23 | Ақайдар | 2,30 |
24 | Достық | 2,50 |
25 | Киелітас | 2,30 |
26 | Сұлтан-рабат | 2,35 |
27 | Көксәйек ауылдық округі | |
28 | Алтынбастау | 1,75 |
29 | Жіңішке | 2,00 |
30 | Көксәйек | 2,35 |
31 | Қазақстан | 2,30 |
32 | Кемеқалган ауылдық округі | |
33 | Абай | 2,30 |
34 | Ақбастау | 2,00 |
35 | Әңгірата | 2,00 |
36 | Қарақия | 1,90 |
37 | Қаратөбе | 1,90 |
38 | Ұйымшыл | 2,00 |
39 | Қаратөбе ауылдық округі | |
40 | Балдыберек | 1,90 |
41 | Қаратөбе | 1,90 |
42 | Қостөбе | 1,90 |
43 | Майбұлақ | 1,90 |
44 | Төңкеріс | 1,90 |
45 | Қасқасу ауылдық округі | |
46 | Жоғарғы Қасқасу | 1,90 |
47 | Кеңесарық | 1,85 |
48 | Керегетас | 1,80 |
49 | Қасқасу | 1,90 |
50 | Қоғалы ауылдық округі | |
51 | Алшалы | 1,80 |
52 | Диханкөл | 1,90 |
53 | Ұзынарық | 1,90 |
54 | Тасарық ауылдық округі | |
55 | Жамбыл | 1,90 |
56 | Оңтүстік | 2,00 |
57 | Тасарық | 2,30 |
58 | Ханарық | 2,00 |
59 | Бірінші мамыр ауылдық округі | |
60 | Бірінші мамыр | 2,30 |
61 | Алғабас | 2,00 |
62 | Бейнеткеш | 2,00 |
63 | Жаңажол | 2,00 |
64 | Қамшақ | 2,00 |
65 | Тағайна | 2,00 |
66 | Ынтымақ | 2,00 |
67 | Леңгер қаласы | 2,70 |