Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облысы ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 30 шілдедегі оң қортындысы негізінде, Төлеби ауданының Қасқасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қасқасу ауылдық округінің Кеңесарық елді мекеніндегі "Таулық" көшесі "Қозыбақ Өмірзақұлы" көшесі болып қайта аталсын.
2. "Қасқасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қасқасу ауылдық округі әкімі | Т. Камытбеков |