Көшеге қайта атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округi әкiмiнiң 2020 жылғы 4 қарашадағы № 20 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 10 қарашада № 5875 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облысы ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 30 шілдедегі оң қортындысы негізінде, Төлеби ауданының Қасқасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қасқасу ауылдық округінің Кеңесарық елді мекеніндегі "Таулық" көшесі "Қозыбақ Өмірзақұлы" көшесі болып қайта аталсын.

      2. "Қасқасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қасқасу ауылдық округі әкімі Т. Камытбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады