Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.
2. Түлкібас ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 210 "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5056 тіркелген, 2019 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Түлкібас ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Турашбеков |
Түлкібас ауданы әкімдігінің 2020 жылғы "27" наурыздағы № 90 қаулысына қосымша |
2020 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымының атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) | Мүгедектер үшін белгіленген жұмыс орындарының саны |
1 | "Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің "И.Рыбалко атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 156 | 3 | 5 |
2 | "Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің "С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 166 | 3 | 5 |
3 | "Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің "М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 195 | 3 | 6 |
4 | "Ажар" Түлкібасбалаларбақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 109 | 3 | 3 |
5 | "Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің "С.Бреусов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 126 | 3 | 4 |
6 | "Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 110 | 3 | 3 |
7 | Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 142 | 3 | 4 |
8 | "Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Жанкент" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 86 | 2 | 2 |
9 | Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Байырбек Садықов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 126 | 3 | 4 |
Барлығы: | 1216 | 36 |