Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 210 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 мамырда № 5056 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 90 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 27.03.2020 № 90 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына сәйкес Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      2. Түлкібас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 329 "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4319 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 29 желтоқсанда "Шамшырақ" газетінде және 2018 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Түлкібас ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түлкібас ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Түлкібас ауданы әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Турашбеков

  Түлкібас ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 17 мамырдағы
№ 210 қаулысына
қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Кәсіпорының, ұйымының, мекеменің атауы

Тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны

1

Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің "И.Рыбалко атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

156

3

1

2

Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің "С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

166

3

1

3

Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің "М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

195

3

2

4

"Ажар" Түлкібас балалар бақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

109

2

2

5

Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Бреусов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

126

2

1

6

Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің "А.Асқаров атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

110

3

1

7

Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

142

3

1

8

Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Жанкент атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

86

2

1

9

Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Б.Садықов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

126

3

2


Барлығы:

1216


12


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады