"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2-тармағына сәйкес Түлкібас ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түлкібас ауданы әкімінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 4 "Түлкібас ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5499 тіркелген, 2020 жылы 27 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімінің қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. "Түлкібас ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түлкібас ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Байғұт |
"КЕЛІСІЛДІ"
Түлкібас аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
____________________К.Ахметов
"____" ___________ 2020 жыл