Түлкібас ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 4 шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 17 наурызда № 5499 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2-тармағына сәйкес Түлкібас ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түлкібас ауданының аумағында сайлауды ұйымдастыру және өткізу үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

      2. Түлкібас ауданы әкімінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 8 "Түлкібас ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4777 болып тіркелген және 2018 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Түлкібас ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түлкібас ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Турашбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Түлкібас аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясының төрағасы

       ____________________К.Ахметов

      "____" ______________ 2020 жыл

  Түлкібас ауданы әкімінің
2020 жылғы "17" наурыздағы
№ 4 шешіміне қосымша

Түлкібас ауданы бойынша сайлау учаскелерінің тізбесі

      Ескерту. Қосымшаға орыс тілінде өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің 30.06.2020 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      № 792 сайлау учаскесі

      Орталығы: С.Бреусов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, Шақпақ ауылдық округі, Шақпақ баба ауылы,Т.Сұрашев көшесі № 70.

      Шекаралары: Шақпақ баба ауылы, Б.Бағысбеков, Айманбетов, Т.Сұрашев, М.Маметова, Е.Сапаров, Жүрсінбай, Шүкіров, Асанбеков, Қ.Үйсінбаев көшелері толығымен.

      № 793 сайлау учаскесі

      Орталығы: 114, 115-разъездерінің № 17 шағын жинақты бастауыш мектебінің ғимараты, Шақпақ ауылдық округі, Разъезд 114 № 2 А.

      Шекаралары: Разъезд 114 толығымен.

      № 794 сайлау учаскесі

      Орталығы: Нұрлыбай Қасымбеков атындағы шағын жинақты бастауыш мектебінің ғимараты, Жабағылы ауылдық округі, Абайыл ауылы, Н.Қасымбеков көшесі № 23.

      Шекаралары: Абайыл ауылы, Н.Қасымбеков көшесі, Разъезд 115 толығымен.

      № 795 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, Жабағылы ауылдық округі, Жабағылы ауылы, Абай көшесі № 72.

      Шекаралары: Жабағылы ауылы, Абай, Ағабек, Тұрғын, Шалғын, Ә.Молдағұлова, Еңбек, Е.Жартыбаев, Талдыбұлақ, Көрікті, Рысқұлов, Ақсу-Жабағылы, Батылдық, Желтоқсан, Т.Аубакиров көшелері толығымен.

      № 796 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ш.Мұртаза атындағы шағын жинақты мектеп-гимназия ғимараты, Кемербастау ауылдық округі, Күмісбастау ауылы, Нұрманов көшесі № 10.

      Шекаралары: Күмісбастау ауылы, Нұрманов, Бағысбаев, Керуен көшелері толығымен.

      № 797 сайлау учаскесі

      Орталығы: М.Бағысбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің ғимараты, Кемербастау ауылдық округі, Елтай ауылы, Қасабеков көшесі № 24.

      Шекаралары: Елтай ауылы, Қасабеков, А.Шыңғысбеков, Қ.Асырауов, Қ.Кенжетаев, Шақпақ көшелері толығымен.

      № 798 сайлау учаскесі

      Орталығы: Сабыр Рахымов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, Кемербастау ауылдық округі, Кемербастау ауылы, Қ.Лес көшесі № 40.

      Шекаралары: Кемербастау ауылы: Қ.Лес, Т.Балтабаев, Жастар, Жаңа құрылыс көшелері толығымен.

      № 799 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Алғабас-1" шағын жинақты жалпы орта мектебінің ғимараты, Кемербастау ауылдық округі, Алғабас ауылы, Жаңа құрылыс 2 көшесі № 1 Б.

      Шекаралары: Алғабас ауылы, Т.Рысқұлов, Б.Абралиев, Теректі, Атамекен көшелері толығымен.

      № 800 сайлау учаскесі

      Орталығы: Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, Кемербастау ауылдық округі, М.Жәрімбетов ауылы, Белгібай көшесі № 1 А.

      Шекаралары: М.Жәрімбетов ауылы, К.Махамбет, Ақментей баба, Белгібай, С.Естібай, Жаңа құрылыс көшелері толығымен.

      № 801 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Майлыкент" шағын жинақты бастауыш мектебінің ғимараты, Кемербастау ауылдық округі, Майлыкент ауылы, Саяжай көшесі № 15 А.

      Шекаралары: Майлыкент ауылы, Береке, Саяжай, Бейбітшілік көшелері толығымен, Разъезд 117 толығымен.

      № 802 сайлау учаскесі

      Орталығы: Дауан атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, Майлыкент ауылдық округі, Қараағашты ауылы, М.Маметова көшесі № 5.

      Шекаралары: Қараағашты ауылы, Б.Момышұлы, Әл-Фараби, Төлеби, М.Маметова, Шөкеев, Торланбай көшелері толығымен, "Ақбұлақ" балалар шипажайы, "Ақсу-Жабағылы" шипажайы.

      № 803 сайлау учаскесі

      Орталығы: Байырбек Садықов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, Майлыкент ауылдық округі, Т.Рыскұлов ауылы, Жамбыл көшесі № 134.

      Шекаралары: Т.Рыскұлов ауылы, Арыс көшесі № 1-19, Жамбыл көшесі № 1-47 және № 2-110, Т.Рыскұлов көшесі № 1-125 және № 2-194, Б.Момышұлы көшесі № 1-51 және № 2-56, Қалдаяков көшесі № 12-150, Иманов көшесі толығымен, Рахманқұлов көшесі № 1-67 және № 2-50, Жандосов көшесі толығымен, С.Ахметов көшесі № 1-55 және № 2-58, Бекбосынов көшесі № 1-67 және № 2-34, Нұршуақ мөлтек ауданындағы Самал, Алмакент көшелері толығымен.

      № 804 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің ғимараты, Майлыкент ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауылы, О.Сейдалиев көшесі № 3.

      Шекаралары: Т.Рысқұлов ауылы, Б.Момышұлы көшесі № 53-199 және № 58-176, К.Калиев көшесі толығымен, Бекбосынов көшесі № 26-118 А және № 69-225, Ш.Қалдаяков көшесі № 31-121, М.Абиров көшесі № 70-122, Әуезов көшесі № 1-37 және № 2-38, Б.Садықов көшесі № 70-158 және № 71-135, Жантуров көшесі № 30-66 және № 23-67, Қонаев көшесі № 20-100 және № 59-137, Майлыкент көшесі № 1-23 және №2-6, О.Сейдалиев көшесі № 1-41 және № 2-40, Амирханов көшесі толығымен, Жастық шақ көшесі № 1-25 және № 2-28, Бағысбаев көшесі № 1-25 және № 2-86, аудандық орталық аурухананың стационары, Көкжайлау шағын ауданындағы Тәуелсіздік, Ұлы дала, Жерұйық, Ұлы жеңіс, Желтоқсан, Көкжазық көшелері толығымен.

      № 805 сайлау учаскесі

      Орталығы: Абай атындағы мектеп-лицейінің ғимараты, Майлыкент ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауылы, Д.Қонаев көшесі № 18.

      Шекаралары: Т.Рысқұлов ауылы, Жамбыл көшесі № 49-145 және № 112-232, Арыс көшесі № 20-66, Ахметов көшесі № 57-129 және № 60-164, Т.Рысқұлов көшесі № 127-261 және № 196-330, Ш.Қалдаяков көшесі № 7-29, Б.Садықов көшесі № 24-68 және № 25-69, Жантуров көшесі № 1-21 және 2-28, Д.Қонаев көшесі № 11-57 және 10-26, М.Абиров көшесі № 36-68.

      № 806 сайлау учаскесі

      Орталығы: М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының ғимараты, Майлыкент ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауылы, С.Ахметов көшесі № 135.

      Шекаралары: Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі № 263-353 және 332-402, Жамбыл көшесі № 236-300, Б.Момышұлы көшесі № 178-226 және № 203-243, М.Абиров көшесі № 3-131, Грицинин көшесі және Грицинин тұйық көшесі толығымен, Досалиев көшесі толығымен, Сыздықбаев көшесі толығымен, Бағысбаев көшесі № 88-128, Науан көшесі толығымен, Жаңа ғасыр көшесі толығымен, Бекбосынов көшесі № 118-172 және № 227-291, Алатау көшесі № 57-123 және № 234-соңына дейін, Биназар батыр көшесі № 248-соңына және № 317-соңына дейін, Жүсіпбеков көшесі № 277-соңына дейін, Ғаламат көшесі толығымен және МТФ көшесі толығымен.

      № 807 сайлау учаскесі

      Орталығы: А.Пушкин атындағы ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің ғимараты, Майлыкент ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауылы, Биназар батыр көшесі № 249.

      Шекаралары: Т.Рысқұлов ауылы, Алатау көшесі № 1-55 және № 2-232, Биназар батыр көшесі № 2-246 және № 1-315, Ұшқыштар көшесі толығымен, Жемісті көшесі № 2-106 және № 1-103, И.Жүсіпбеков көшесі № 2-108 және № 1-275, М.Абиров көшесі № 2-34, Садыков көшесі № 2-22 және № 1-23, Қонаев көшесі № 1-9 және № 2-8, Қалдаяков көшесі № 1-5 және 2-10.

      № 808 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Жанкент" жалпы орта мектебінің ғимараты, Майлыкент ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауылы, Жанкент мөлтек ауданы, Бекбосынов көшесі № 210

      Шекаралары: Т.Рысқұлов ауылы, Бекбосынов көшесі № 174-соңына дейін және № 293-соңына дейін, Пушкин көшесі толығымен және көпқабатты № 97, № 101, № 103, № 105, № 107, № 109, № 111 тұрғын үйлер толығымен, Абай көшесі толығымен, Х.Ахметов, Ж.Пралиев, К.Серғазиев, Ә.Махмутов, Н.Сарыбеков, Р.Маматаев, Астана, Мәңгілік ел, Құланды, Шұбайқызыл және Жаңа құрылыс көшелері толығымен, Т.Рысқұлов көшесі № 355-соңына дейін және № 404-соңына дейін.

      № 809 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернатының ғимараты, Майлыкент ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауылы, Абиров көшесі № 1.

      Шекаралары: Т.Рысқұлов ауылы, 1 мөлтек аудандағы барлық көпқабатты тұрғын үйлер, Қ.Ахметов, Ш.Айманов көшелері толығымен, М.Абиров көшесі № 1 көпқабатты тұрғын үй.

      № 810 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Кезең" бастауыш мектебінің ғимараты, Майлыкент ауылдық округі, Бақыбек ауылы, Достык көшесі № 28 В.

      Шекаралары: Бақыбек ауылы, Достық, Ынтымақ, Бозжорға, Т.Рысқұлов, Сейфуллин, Егіндік, Зерде, Келешек көшелері толығымен.

      № 811 сайлау учаскесі

      Орталығы: А.Гайдар атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, Ақбиік ауылдық округі, Құлан ауылы, Күншуақ көшесі № 6 Б.

      Шекаралары: Құлан ауылы, Бейбітшілік, Достық, Т.Тұрымбетов, М.Әуезов, Жастар, Үміт, Күншуақ, Маметова, Игілік, Б.Момышұлы көшелері толығымен.

      № 812 сайлау учаскесі

      Орталығы: М.Маметова атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебінің ғимараты, Ақбиік ауылдық округі, Сарытөр ауылы, Т.Рысқұлов көшесі № 8.

      Шекаралары: Сарытөр ауылы, Т.Рысқұлов, А.Иманов көшелері толығымен.

      № 813 сайлау учаскесі

      Орталығы: Т.Иманбекұлы атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, Ақбиік ауылдық округі, Ақбиік ауылы, К.Сәулетбек көшесі № 98.

      Шекаралары: Ақбиік ауылы, К.Сәулетбек, Жастар, Ынтымақ, Бірлік көшелері толығымен.

      № 814 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Жаңаталап" шағын жинақты жалпы орта мектебінің ғимараты, Рысқұлов ауылдық округі, Жаңаталап ауылы, М.Әуезов көшесі № 32.

      Шекаралары: Жаңаталап ауылы, М.Әуезов, С.Мұханов көшелері толығымен.

      № 815 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ә.Науаи атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, Рысқұлов ауылдық округі, Азаттық ауылы, Интернациональная көшесі № 45 А.

      Шекаралары: Азаттық ауылы, А.Навои, Абай, Интернациональная, М.Сартбаев, Ш.Тұрсынбеков, Жаңақұрылыс, Н.Эралиев, Ә.Байысбаев, Е.Қалдыбаев, Бірлік, Бәйшешек, Жас өркен, Ырыс, Достық, Игілік, Нұрлы, Келешек, Бейбітшілік, Жемісті, Ынтымақ, Тәуелсіздік, Бәйтерек, Ізет, Атамекен, Рахмет, Жастықшақ, Зерде, Көрікті, Самал, Желтоқсан, С.Сейфуллин көшелері толығымен.

      № 816 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, Рысқұлов ауылдық округі, Шұқырбұлақ ауылы, Ахмет би көшесі № 103 А.

      Шекаралары: Шұқырбұлақ ауылы, Ахмет би, Ш.Уалиханов, Т.Рысқұлов, Мейірхан, Астана, Көктем көшелері толығымен, Шұқырбулақ-2 ауылы, Ы.Алтынсарин, Б.Момышұлы, Жангелдин, Мамекбаев көшелері толығымен, Тастыбұлақ ауылы, Спатай, Наурыз, Бастау көшелері толығымен.

      № 817 сайлау учаскесі

      Орталығы: М.Лермонтов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, Тастұмсық ауылдық округі, Тастұмсық ауылы, Е.Дүйсенбаев көшесі № 33.

      Шекаралары: Тастұмсық ауылы, Самал, Қ.Биболаев, Амангелді, Көктөбе, Е.Дүйсенбаев, Бірлік көшелері толығымен, Қабанбай ауылы, Жақсылық, Нұрлы жол көшелері толығымен.

      № 818 сайлау учаскесі

      Орталығы: Аманкелді атындағы негізгі орта метебінің ғимараты, Тастұмсық ауылдық округі, Амангелді ауылы, Атамекен көшесі № 20 А.

      Шекаралары: Амангелді ауылы, Атамекен, Абай, Жамбыл, Есентаев көшелері толығымен.

      № 819 сайлау учаскесі

      Орталығы: О.Кошевой атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің ғимараты, Тастұмсық ауылдық округі, Жыланды ауылы, Достық көшесі № 2 А.

      Шекаралары: Жыланды ауылы, Шапағат, Достық, Ақтоғай көшелері толығымен, Қарабастау ауылы, М.Әуезов көшесі толығымен.

      № 820 сайлау учаскесі

      Орталығы: Мәдениет үйінің ғимараты, Мичурин ауылдық округі, Майтөбе ауылы, Гагарин көшесі № 18.

      Шекаралары: Майтөбе ауылы, Тәуелсіздік, Жамбыл, Найзатас, Келешек, Батыр, Б.Момышұлы, Ырыс, Панфилов, Т.Рысқұлов, Азаттық, Алтай, К.Сүйінбаев, Ізет, Достар, Қарасу көшелері толығымен.

      № 903 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, Мичурин ауылдық округі, Майтөбе ауылы, Гагарин көшесі № 9

      Шекаралары: Майтөбе ауылы, Уалиханов, Гагарин, Астана, Бейбітшілік, Ақдала, Сейфуллин, Жастықшақ, Заңғар, Джақаев, Абай, Амангелді, Көбегенұлы, Исабек көшелері толығымен.

      № 821 сайлау учаскесі

      Орталығы: М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, Мичурин ауылдық округі, Қожамберді ауылы, Алтынсарин көшесі № 16.

      Шекаралары: Қожамберді ауылы, Битөре, Ы.Алтынсарин, С.Муқанов, Бастау көшелері толығымен.

      № 822 сайлау учаскесі

      Орталығы: З.Ғұбайдуллин атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, Мичурин ауылдық округі, Көксағыз ауылы, Бірлік көшесі № 1.

      Шекаралары: Көксағыз ауылы, Қайрат, Мереке, Бірлік, Сатбаев, Талап, Жарасым көшелері толығымен.

      № 823 сайлау учаскесі

      Орталығы: Г.Титов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, Мичурин ауылдық округі, Таусағыз ауылы, Б.Мелдебеков көшесі № 1.

      Шекаралары: Таусағыз ауылы, Жандосов, Бәйшешек, Аубакиров, Сағыныш, Достық, Б.Мелдебеков, Ақжол көшелері толығымен.

      № 824 сайлау учаскесі

      Орталығы: С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, Жаскешу ауылдық округі, Жаскешу ауылы, Л.Демеуішов көшесі № 113.

      Шекаралары: Жаскешу ауылы, Л.Демеуішов, Гагарин, Наурыз, Мир, М.Жолымбекұлы, Н.Қобланов көшелері толығымен.

      № 902 сайлау учаскесі

      Орталығы: Мәдениет үйінің ғимараты, Жаскешу ауылдық округі, Жаскешу ауылы, А.Мылтықбаев көшесі № 61.

      Шекаралары: Жаскешу ауылы, А.Мылтықбаев, Қ.Тәжібаев, Абай, Амангелді, Ж.Оңалбеков, Бексейітов, Бесата көшелері толығымен, разъезд Қарақшы толығымен.

      № 825 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Жанзақ" шағын жинақты бастауыш мектебінің ғимараты, Жаскешу ауылдық округі, Жанұзақ ауылы, Жанұзақ көшесі № 20 А.

      Шекаралары: Пістелі ауылы, Л.Қоқыров көшесі толығымен, Жанұзақ ауылы, Жанұзақ көшесі толығымен.

      № 826 сайлау учаскесі

      Орталығы: Тұрар атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, Жаскешу ауылдық округі, Рысқұл ауылы, Ш.Уалиханов көшесі № 44.

      Шекаралары: Рысқұл ауылы, Т.Рысқұлов, М.Әуезов, Ш.Уалиханов көшелері толығымен, разъезд Көктерек толығымен.

      № 827 сайлау учаскесі

      Орталығы: Әл-Фараби атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің ғимараты, Балықты ауылдық округі, Шарафкент ауылы, Алтынсарин көшесі № 12.

      Шекаралары: Шарафкент ауылы, Амангелді, Т.Рысқұлов, Алтынсарин, Батырхан, А.Төлебаев көшелері толығымен.

      № 828 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Ұрбұлақ" жалпы орта мектебінің ғимараты, Балықты ауылдық округі, Ұрбұлақ ауылы, Рахимов көшесі № 27 А.

      Шекаралары: Ұрбұлақ ауылы, Рахимов, Ерубаев, Сазанбай көшелері толығымен.

      № 829 сайлау учаскесі

      Орталығы: Мәдениет үйінің ғимараты, Балықты ауылдық округі, Балықты ауылы, Нарботаұлы н/з.

      Шекаралары: Балықты ауылы, Нұрматов, Нарботаұлы, Абай, Сейфуллин, Пушкин, Алаң, Тәуелсіздік, Комаров, Исманов, Баратбек, К.Айдагараев, Ж.Қынтаев көшелері толығымен.

      № 901 сайлау учаскесі

      Орталығы: И.Рыбалко атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, Балықты ауылдық округі, Балықты ауылы, Б.Нұрматов көшесі № 35 А.

      Шекаралары: Балықты ауылы, Рахым, Балықты, Спатай Батыр, Құрманғазы, Болашақ, Панюков, Желтоқсан, Наурыз, Нуршуақ көшелері толығымен, ДРП № 1.

      № 830 сайлау учаскесі

      Орталығы: Төлеби атындағы негізгі орта мектебінің ғимараты, Балықты ауылдық округі, Көкбұлақ ауылы, Б.Момышұлы көшесі № 17 А.

      Шекаралары: Көкбұлақ ауылы, Қ.Көлбаев, К.Байсейтов, Б.Момышұлы, Қ.Манасов, Бахыт көшелері толығымен.

      № 831 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, Балықты ауылдық округі, Абай ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі № 35.

      Шекаралары: Абай ауылы, Ы.Алтынсарин, Абай, Амангелді көшелері толығымен.

      № 832 сайлау учаскесі

      Орталығы: Мәдениет үйінің ғимараты, Арыс ауылдық округі, Керейт ауылы, Ж.Әсілбекұлы көшесі № 85.

      Шекаралары: Керейт ауылы, Абай, Әсілбекұлы, Ж.Өскенбайұлы, Панченко, Тұрманұлы, Маметова, Амангелді, М.Пернебекұлы, Бәйтерек, Мырзатай, Еркінбек көшелері толығымен, Қайыршакты ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі толығымен.

      № 833 сайлау учаскесі

      Орталығы: А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, Арыс ауылдық округі, Мақталы ауылы, Жамбыл көшесі № 6 А.

      Шекаралары: Мақталы ауылы, Байбосынұлы, Өтелбайұлы, Мұратбаев, Жамбыл, Сатыбалдыұлы көшелері толығымен.

      № 834 сайлау учаскесі

      Орталығы: Мәдениет үйінің ғимараты, Машат ауылдық округі, Машат ауылы, М.Әуезов көшесі № 1.

      Шекаралары: Машат ауылы, Жамбыл, Т.Мырзабаев, Бекбаев, Б.Карибайұлы, Медетов, Әбілдабек, М.Әуезов, Е.Баймаханов, Қыстаубайұлы көшелері толығымен, Қызылбастау ауылы, Жандарбеков, Қалдарбеков көшелері толығымен, Еңбекші ауылы, Қайсенов, Қажымұқан көшелері толығымен.

      № 835 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, Машат ауылдық округі, Жаңа қоғам ауылы, Абай көшесі № 19.

      Шекаралары: Жаңа қоғам ауылы, Мичурин, Абай, Сейфуллин, Арыс, Мұқанов, Гагарин, Маметова, Ә.Молдағұлова, Қазақстан, Әл-Фараби, Амангелді, Панфилов көшелері толығымен.

      № 836 сайлау учаскесі

      Орталығы: Т.Әубәкіров атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, Машат ауылдық округі, Еңбек ауылы, Б.Момышұлы көшесі № 26.

      Шекаралары: Еңбек ауылы, Б.Момышұлы, Рысқұлов, Уалиханов, Қажымұқан, Анарбай көшелері толығымен.

      № 837 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Сеславино" шағын жинақты жалпы орта мектебінің ғимараты, Келтемашат ауылдық округі, Сеславино ауылы, Аубакиров көшесі № 21.

      Шекаралары: Сеславино ауылы, Ембердиев, Аубакиров, Амангелді, Жангелді көшелері толығымен, Ақсай ауылы, Аламан, Ақсай көшелері толығымен.

      № 838 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ш.Уәлиханов атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің ғимараты, Келтемашат ауылдық округі, Келтемашат ауылы, Уалиханов көшесі № 17.

      Шекаралары: Келтемашат ауылы, Уалиханов, Бейбітшілік, Б.Көлбаев, Бастау, Жас өркен көшелері толығымен, Қоғалы ауылы, С.Сейфуллин, Б.Майлин, Ә.Молдағұлова көшелері толығымен, Даубаба ауылы, М.Әуезов, Самал көшелері толығымен.

      № 839 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Жиынбай" жалпы орта мектебінің ғимараты, Келтемашат ауылдық округі, Жиынбай ауылы, Абай көшесі № 35 А.

      Шекаралары: Жиынбай ауылы, Абай, Спатаев, Ы.Алтынсарин, А.Мыңбаев, Шапағат көшелері толығымен.

      № 840 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қ.Жандарбеков атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, Келтемашат ауылдық округі, Кершетас ауылы, Ғ.Мұратбаев көшесі № 7.

      Шекаралары: Кершетас ауылы, Абай, Еркебай, Достық, Т.Рысқұлов, Қ.Сәтбаев, Ғ.Мұратбаев, Б.Момышұлы, Н.Қоштаев, Ғажап, Диірмен, Нұршуақ көшелері толығымен.

      № 841 сайлау учаскесі

      Орталығы: П.Шевцов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, Түлкібас кенті, Н.Өзбеков көшесі № 58.

      Шекаралары: Түлкібас кенті, К.Байсериков көшесі № 2–28, № 1-13, Н.Өзбеков көшесі № 2-80, № 5-115, Шевцов көшесі № 2-86, № 3-83, Б.Аблаев көшесі № 2-112, № 1-121, Жәнелі би көшесі № 2-124, № 1-11, Амангелді көшесі № 1-43, № 2-76 А, Жамбыл көшесі № 1-73, № 2-72, Ш.Шыңғысбеков көшесі № 1-85, № 2-72, Р.Пернебаев көшесі № 1-81, № 2-64.

      № 842 сайлау учаскесі

      Орталығы: Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, Түлкібас кенті, Б.Момышұлы көшесі № 81 А.

      Шекаралары: Түлкібас кенті, Амангелді көшесі № 45-143, № 78-190, Жамбыл көшесі № 75-193, № 74-178, Ш.Шыңғысбеков көшесі № 87-203, № 74-176, Р.Пернебаев көшесі № 83-155, № 66-124, Б.Момышұлы көшесі № 1-149, Ж.Балкыбеков көшесі № 1-65, Ә.Ермағамбетұлы көшесі № 1-42, И.Алтеев көшесі № 1-48, Т.Тлебалдиев көшесі № 1-51, М.Тынышбаев көшесі № 1-15, Т.Рысқұлов көшесі № 1-18, Астана көшесі толығымен.

      № 843 сайлау учаскесі

      Орталығы: Мәдениет үйінің ғимараты, Түлкібас кенті, Байсериков көшесі № 50.

      Шекаралары: Түлкібас кенті, Ө.Сергенов көшесі толығымен, К.Байсериков көшесі № 34-54, Н.Өзбеков көшесі № 123-145, Көбей көшесі № 1-169, Шевцов көшесі № 88-122, № 85-125, Б.Аблаев көшесі № 114-214, № 123-217, Жәнелі би көшесі № 126-220, № 15-99, Сатпаев көшесі № 2-52, М.Пошакаев көшесі № 1-13, П.Мырзалиев көшесі № 1-36, Т.Алимбаев көшесі № 1-57, Қазына көшесі № 2-20.

      № 844 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Көктерек" шағын жинақты бастауыш мектебінің ғимараты, Көктерек ауылы, Медеу көшесі № 1.

      Шекаралары: Көктерек ауылы, Б.Момышұлы, Медеу, Жаңа көшелері толығымен, Ақбура ауылы толық.

      № 845 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Иірсу" шағын жинақты бастауыш мектебінің ғимараты, Иірсу ауылы, Иірсу көшесі № 5 А.

      Шекаралары: Иірсу ауылы толығымен.

      № 846 сайлау учаскесі

      Орталығы: А.Оразбаева атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, Ынтымақ ауылы, К.Кемелбекұлы көшесі № 11.

      Шекаралары: Ынтымақ ауылы, У.Мамықов, Оңғарұлы Оспан, Желтоқсан, К.Кемелбекұлы, Абай, Т.Бейсембаев, А.Қалиев көшелері толығымен.

      № 847 сайлау учаскесі

      Орталығы: Мәдениет үйінің ғимараты, Састөбе кенті, 1 Мамыр көшесі № 1 Г.

      Шекаралары: Састөбе кенті, Заводская, Қ.Назарымбетов, Абай, Амангелді, Победа, Ғарышкер, Сазтөбе, Қажымұқан, Ә.Молдағұлова, Поселковая, М.Шоқай, ГРС көшелері, Абай қиылысы толығымен.

      № 848 сайлау учаскесі

      Орталығы: А.Макаренко атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, Састөбе кенті, Қ. Тұрысбеков көшесі № 24

      Шекаралары: Састөбе кенті, И.Айдарбеков, Ғ.Мұратбаев, Мичурин, Қ.Тұрысбеков, К.Бекишев, Пушкин, Гоголь, Лермонтов, 8 Наурыз, Жамбыл, Тәуелсіздік, Астана, Мир, Т.Сейдуалина, Т.Айымбетов, Жыланды бұлақ, 1 Мамыр, Жібек жолы, Желтоқсан, Т.Рыскұлов, С.Сейфуллин, К.Байсейітова, Ш.Қалдаяқов көшелері, Жаңа мөлтек ауданы толығымен, Қызыл ту учаскесі, Қ.Сатпаев, Абай, Жамбыл, С.Сейфуллин көшелері толығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады