Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің Келтемашат ауылдық округ әкімінің 10.08.2020 № 18 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10414 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Түлкібас ауданы, Келтемашат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құтыру ауруы шығуына байланысты Түлкібас ауданы, Келтемашат ауылдық округінде орналасқан Сеславино ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Түлкібас ауданы әкімдігінің Келтемашат ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Түлкібас ауданы әкімдігінің | |
Келтемашат ауылдық округ әкімі | С. Камбарбеков |