Шардара ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 65-392-VI шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 30 қыркүйекте № 5820 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 13-62-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 12.12.2023 № 13-62-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 09.02.2022 № 15-90-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiне, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысымен бекiтiлген Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң ережесіне сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 12.05.2023 № 3-18-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шардара ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 09.02.2022 № 15-90-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Шардара аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 33-204-V "Шардара ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2847 тіркелген және 2014 жылғы 6 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешiмінiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. "Шардара ауданы мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шардара ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шардара ауданы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шардара ауданы мәслихат аппаратының басшысы Р.Бекмуратовқа жүктелсін.

      5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Туреханова
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Муталиев

  Шардара аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
18 қыркүйектегі № 65-392-VI
шешіміне қосымша

Шардара ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 09.02.2022 № 15-90-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Шардара ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 10 (он) пайыз мөлшерінде.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 12.05.2023 № 3-18-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау Шардара аудан әкімдігінің "Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 12.05.2023 № 3-18-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсалатын шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейi мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының арасындағы жергiлiктi өкiлдi орган белгiлеген айырма ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.

      5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынажүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи по Шардаринскому району

Решение Шардаринского районного маслихата Туркестанской области от 18 сентября 2020 года № 65-392-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 30 сентября 2020 года № 5820. Утратило силу решением Шардаринского районного маслихата Туркестанской области от 12 декабря 2023 года № 13-62-VIII

      Сноска. Утратило силу решением Шардаринского районного маслихата Туркестанской области от 12.12.2023 № 13-62-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Заголовок решения - в редакции решения Шардаринского районного маслихата Туркестанской области от 09.02.2022 № 15-90-VIІ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Правилами предоставления жилищной помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314, постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 в соответствии с правилами компенсации повышения тарифа абонентской платы за оказание услуг, Шардаринский районный маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула - в редакции решения Шардаринского районного маслихата Туркестанской области от 12.05.2023 № 3-18-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощив Шардаринском районе согласно приложению к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Шардаринского районного маслихата Туркестанской области от 09.02.2022 № 15-90-VIІ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившим силу решение Шардаринского районного маслихата от 29 сентября 2014 года № 33-204-V "Об утверждении размера и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Шардаринскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2847 и опубликовано в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 6 ноября 2014 года).

      3. Государственному учреждению "Аппарат маслихата Шардаринского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Туркестанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего решения направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемых на территории Шардаринского района;

      3) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Шардаринского районного маслихата после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата Шардаринского районного маслихата Бекмуратову Р.

      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Туреханова
      Секретарь районного маслихата Б. Муталиев

  Приложение к решению
маслихата Шардаринского
района от 18 сентября
2020 года № 65-392-VI

Размер и порядок оказания жилищной помощи в Шардаринском районе

      Сноска. Приложение - в редакции решения Шардаринского районного маслихата Туркестанской области от 09.02.2022 № 15-90-VIІ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Шардаринском районе, постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Доля предельно допустимых расходов к совокупному доходу малообеспеченной семьи (гражданина) в размере 10 (десять) процентов.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Шардаринского районного маслихата Туркестанской области от 12.05.2023 № 3-18-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Шардаринского района" акимата Шардаринского района (далее – уполномоченный орган).

      3. Совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи" от 24 апреля 2020 года № 226 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20498).

      Сноска. Пункт 3 - в редакции решения Шардаринского районного маслихата Туркестанской области от 12.05.2023 № 3-18-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели, установленным местным представительным органом.

      При назначении жилищной помощи принимается норма площади в размере не менее 15 (пятнадцати) квадратных метров и не более18 (восемнадцати) квадратных метров полезной площади на человека, но не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии.

      5. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникации социально-защищаемым гражданам осуществляется в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам".

      6. Для назначения жилищной помощи малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в Некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) или на веб-портал "электронного правительства", согласно Правилам предоставления жилищной помощи, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314.

      Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации либо через веб-портал "электронного правительства" составляет восемь рабочих дней.

      7. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).

      8. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год малообеспеченным семьям (гражданам).

      9. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.