Шардара аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 13-62-VIII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 26 желтоқсанда № 6431-13 болып тiркелдi

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Шардара аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Б. Муталиев

  Шардара аудандық мәслихатының
2023 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 13-62-VIII шешіміне қосымша

Шардара аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Шардара аудандық мәслихатының "Шардара ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 65-392-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5820 болып тіркелген);

      2. Шардара аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 65-392-VI "Шардара ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 9 ақпандағы № 15-90-VII шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26897 болып тіркелген);

      3. Шардара аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 65-392-VI "Шардара ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 12 мамырдағы № 3-18-VIII шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6295-13 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады