Жетісай ауданының Қазыбек би ауылдық округі Алғабас елді мекеніне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Түркістан облысы Жетісай ауданы Қазыбек би ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 8 шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 17 қаңтарда № 5376 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай ауданы Қазыбек би ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 31 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай ауданы Қазыбек би ауылдық округі әкімінің 20.03.2020 № 31 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жетісай аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 02-03/10 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қазыбек би ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жетісай ауданы Қазыбек би ауылдық округі, Алғабас елді мекенінің бір ірі қара малынан және үш иттерінен құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Жетісай ауданының "Қазыбек би ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің орынбасары Б.Кадировке жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазыбек би ауылдық округі әкімі Д. Уразов

Об установлении ограничительных мероприятий в населенном пункте Алгабас сельского округа Казыбек би Жетысайского района

Решение акима сельского округа Казыбек би Жетысайского района Туркестанской области от 17 января 2020 года № 8. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 17 января 2020 года № 5376. Утратило силу решением акима сельского округа Казыбек би Жетысайского района Туркестанской области от 20 марта 2020 года № 31

      Сноска. Утратило силу решением акима сельского округа Казыбек би Жетысайского района Туркестанской области от 20.03.2020 № 31 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответсвие с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с подпунктом 7) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О Ветеринарии", и на основании представления руководителя Жетысайской районной территориальной инспекции Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 16 января 2020 года за № 02-03/10 и в целях ликвидации очагов заразных болезней животных аким сельского округа Казыбек би РЕШИЛ:

      1. Установить ограничительные мероприятия в населенном пункте Алгабас сельского округа Казыбек би, Жетысайского района в связи с возникновением бешенство одного крупного рогатого скота и три собак.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима сельского округа Казыбек би" Жетысайского района в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Туркестанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акимата Жетысайского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима сельского округа Б.Кадирова.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким сельского округа Казыбек би Д. Уразов