Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай ауданы Қазыбек би ауылдық округі әкімінің 20.03.2020 № 31 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жетісай аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 02-03/10 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қазыбек би ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісай ауданы Қазыбек би ауылдық округі, Алғабас елді мекенінің бір ірі қара малынан және үш иттерінен құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Жетісай ауданының "Қазыбек би ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің орынбасары Б.Кадировке жүктелсін.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазыбек би ауылдық округі әкімі | Д. Уразов |