Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай ауданы Қазыбек би ауылдық округі әкімінің 06.04.2020 № 40 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жетісай аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 02-03/46 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Жетісай ауданының Қазыбек би ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тексеруге өткізілген бір бас күшіктің бас миының сынамасынан "Құтырық" ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты, Жетісай ауданының Қазыбек би ауылдық округі, Таубай ата елді мекені М.Жасұзақов көшесінен Т.Алекенов және Көкбұлақ көшелеріне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазыбек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешім Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің орынбасары Б.Кадировке жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазыбек би ауылдық округі әкімі | Д.Уразов |