ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2523 тіркелген, 2010 жылғы 1 ақпандағы "Дидар", 2010 жылғы 2 ақпандағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ф. Абитаев |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы | В. Головатюк |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымы № 39/453-VI шешіміне қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы "21" желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне қосымша |
Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
№ | Арнаулы су пайдаланудың түрі | Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемелері, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ертіс өзені бассейні | |||
1 | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 тек.м | 126,7 |
2 | Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса | теңге /1000 тек.м | 363,9 |
3 | Ауыл шаруашылығы | теңге /1000 тек.м | 102,5 |
4 | Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге /1000 тек.м | 102,5 |
5 | Су энергетикасы | теңге /1000 кВт.сағ. | 38,2 |
6 | Су көлігі | теңге /1000 т. км | 13,9 |
Балқаш және Алакөл өзен мен көлдері бассейні | |||
7 | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 тек.м | 116,6 |
8 | Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса | теңге /1000 тек.м | 321,7 |
9 | Ауыл шаруашылығы | теңге /1000 тек.м | 92,4 |
10 | Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге /1000 тек.м | 88,4 |
11 | Су энергетикасы | теңге /1000 кВт.сағ. | 34,2 |
12 | Су көлігі | теңге /1000 т. км | 10,1 |