Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 378 "Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 тамыздағы № 275 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 тамызда № 7452 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 қарашадағы № 251 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 17.11.2023 № 251 қаулысымен (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы "Өсімдіктер карантині туралы" Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2020 жылғы 1 шілдедегі № 03/530 ұсынымы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 378 "Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4836 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2017 жылғы 2 ақпанда "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық
инспекциясының басшысы
__________________
2020 жылғы "____"______________
А. Кәрімов

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2020 жылғы 10 тамызы
№ 275 қаулыға қосымша
  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2016 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 378 қаулысына қосымша

Қара сүгенің әр түрлігімен (Monochamus) зақымданған алқаптар көлемінде Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимі енгізілетін карантин аймағы

Аудандар, ауылдық округтер атауы

Жер учаскесінің тиесілігі

Зақымданған алқап, гектарда

Глубокое ауданы

Черемшанка

"Черемшанка орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

0,22

Катонқарағай ауданы

Белқарағай

"Қаражай" шаруа қожалығы

5

Барлығы


5,22


О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 15 декабря 2016 года № 378 "Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории Восточно-Казахстанской области"

Постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 10 августа 2020 года № 275. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 18 августа 2020 года № 7452. Утратило силу постановлением Восточно-Казахстанского областного акимата от 17 ноября 2023 года № 251

      Сноска. Утратило силу постановлением Восточно-Казахстанского областного акимата от 17.11.2023 № 251 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 9-1 Закона Республики Казахстан от 11 февраля 1999 года "О карантине растений", пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", на основании представления Восточно-Казахстанской областной территориальной инспекции Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 июля 2020 года № 03/530, Восточно-Казахстанский областной акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 15 декабря 2016 года № 378 "Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории Восточно-Казахстанской области" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 4836, опубликованное в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 3 февраля 2017 года, газетах "Дидар" и "Рудный Алтай" от 2 февраля 2017 года) следующее изменение:

      приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Управлению сельского хозяйства области в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемые на территории области;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акима Восточно-Казахстанской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области по вопросам агропромышленного комплекса.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Восточно-Казахстанской области Д. Ахметов
      "СОГЛАСОВАНО"
Руководитель
Восточно-Казахстанской областной
территориальной инспекции Комитета
государственной инспекции
в агропромышленном комплексе
Министерства сельского хозяйства
Республики Казахстан
_________________
"___" ___________ 2020 года
А. Каримов

  Приложение к постановлению
Восточно-Казахстанского
областного акимата
от 10 августа 2020 года № 275
  Приложение к постановлению
Восточно-Казахстанского
областного акимата
от 15 декабря 2016 года № 378

Карантинная зона с введением карантинного режима на территории Восточно-Казахстанской области в объемах зараженных площадей разновидностями черного усача (Monochamus)

Наименование районов, сельских округов

Принадлежность земельного участка

Зараженная площадь, в гектарах

Глубоковский район

Черемшанский

Коммунальное государственное учреждение "Черемшанское лесное хозяйство"

0,22

Катон-Карагайский район

Белкарагайский

Крестьянское хозяйство "Каражай"

5

Всего


5,22