Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 17.11.2023 № 251 қаулысымен (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына және 14-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2016 жылғы 20 қазандағы № 03/894 ұсынымы негізінде, карантин нысаны – қара сүгенің әр түрлігі (Monochamus) анықталған таралу ошақтарын оқшаулау және жою мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес шыршаның үлкен қара мұртты қоңызымен (Monochamus urussovii (Fischer v. Waldheim) зақымданған алқаптар көлемінде Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 27.09.2022 № 227 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясына (Б.К. Дюсупов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.
3. Глубокое ауданының әкімі (Қ.Б. Байғонысов), Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы (Қ.Қ. Төлеубеков) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.М. Мусинге жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 378 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы аумағында шыршаның үлкен қара мұртты қоңызымен (Monochamus urussovii (Fischer v. Waldheim) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимі енгізілген карантин аймағы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 27.09.2022 № 227 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Аудан және ауылдық округтің атауы | Жер учаскесінің тиесілігі | Зақымданған алаң, гектарда |
Катонқарағай ауданы | ||
Белқарағай | "Қаражай" шаруа қожалығы | 5,0 |
Аудан бойынша барлығы | 5,0 |