ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Өскемен қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, облыстық және қалалық мәслихаттары депутаттығына кандидаттары үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін ортақ пайдаланудағы жерлерде орындар белгіленсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 10515 "Сайлау науқандары кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5-1-161 тіркелген, 2011 жылғы 10 наурызда "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған).
2) Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 10283 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 10515 "Сайлау науқандары кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3848 тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірде "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған).
3. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) аймақтық әділет органында осы қаулыны мемлекеттік тіркеуді;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Өскемен қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;
3) осы қаулы ресми түрде жарияланған соң Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі | Ж. Омар |
КЕЛІСІЛДІ: Өскемен қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы |
Ф. Құрманов |
Өскемен қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 4618 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, облыстық және қалалық мәслихаттары депутаттығына кандидаттары үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін ортақ пайдаланудағы жерлердегі орындар
№ | Орналастыру орындары | Мекен-жайы |
1. | "Спорт сарайы" аялдамасының ауданында | Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының жұп жағы |
2. | "Спорт сарайы" аялдамасының ауданында | Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының тақ жағы |
3. | "Металлург" сауда үйінің ауданында | Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 37 |
4. | Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының "Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы" комуналдық мемлекеттік мекемесі ауданында "Элегант" дүкені жағынан | Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 68 |
5. | "Электротауарлар" автобус аялдамасының ауданында | Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 87А |
6. | "Юбилейный" кинотеатрының ауданында | Қазақстан көшесі, 59 |
7. | "Орталық" әмбебап дүкенінің ауданында | Қазақстан көшесі, 72 |
8. | "Березка" дүкенінің ауданында | Қазақстан көшесі, 78 |
9. | "Волна" дүкенінің ауданында | Қабанбай батыр көшесі, 114 |
10. | "Орталық" базарының ауданында | Қабанбай батыр көшесі, 142 |
11. | "Zangar" сауда үйінің ауданында | Қабанбай батыр көшесі, 144 |
12. | "Император" сауда кешенінің ауданында | Әуезов даңғылы, 28 |
13. | "Эмилия" сауда үйінің ауданында | Әуезов даңғылы, 11/1 |
14. | "Өзен вокзалы" аялдамасының ауданында | Е.П. Славский атындағы жағалау |
15. | "Эхо" кинотеатры ауданында | Антон Чехов көшесі, 54 |
16. | "Dos-Nar" базары ауданында | Виноградов көшесі, 17А |
17. | "ШҚМТУ" аялдамасының ауданында (Студенттер қалашығы) | Серікбаев көшесі |
18. | "Галит" базары ауданында | Шәкәрім даңғылы, 162А (2 корпус) |
19. | Өскемен автобекеті ауданында | Абай даңғылы, 8 |
20. | "Заречный" базары ауданында | Достоевский көшесі, 6 |
21. | "Айгүл" дүкені ауданында | Қаныш Сәтпаев даңғылы, 16/1 |
22. | "Достық" сауда үйі ауданында | Өтепов көшесі, 13а |
23. | "Көкжал" сауда орталығы ауданында | Қазыбек Би даңғылы, 5 |
24. | "Үлбі кенті" аялдамасының ауданында | Энтузиасттар көшесі |
25. | "Казпошта" акционерлік қоғамының № 8 бөлімшесі ауданында | Ульяновская көшесі, 89 |
26. | Өскемен теміржол вокзалының ауданында | Мызы көшесі |
27. | "Өскемен-1" теміржол вокзалының ауданында | Теміржолшылар көшесі, 99 |
28. | "Самал" супермаркеті ауданында | Бажов көшесі, 331/1 |
29. | "Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлік қоғамының Мәдениет үйі ауданында | Менделеев көшесі, 6 |
30. | "Адиль" дүкенінің ауданында | Островский көшесі, 6 |
31. | Әкімшілік ғимарат ауданында | Меновной ауылы, М. Горький көшесі, 11А |
32. | "Ахмер ауылы" аялдамасының ауданында | Ахмер ауылы, Ғайса Аязбаев көшесі, 16 |
33. | 27943 әскери бөлімі ауданында | Жаңа-Ахмер ауылы |