ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 2 тармағына Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Семей қалалық мәслихатының 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 10/72-VI "Семей қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4891 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 1 наурызда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 5 маусымынан бастап таратылады.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы | Ж. Молдагалиева |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | Б. Ақжалов |