ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Курчатов қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 9/58-VI "Курчатов қалалық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4842 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2020 жылғы 5 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Қайрат |
Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы | Г. Қарымбаева |