ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 – бабы 2 – тармағына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 20/152-VI "Тіркелген салық мөлшерлемелері туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-3-123 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Березин |
Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы | Г. Қарымбаева |