Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 23.12.2020 № 843 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген), Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. 2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
4. "Риддер қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде Риддер қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануы үшін олардың көшірмелерінің жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Риддер қаласының әкімінің интернет – ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
5. Риддер қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 707 "2019 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатынжастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6133 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 9 қыркүйегінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Нужныхқа жүктелсін.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Риддер қаласының әкімі | Ж. Мұратов |
Риддер қаласы әкімдігінің 2020 жылғы "11" маусымдағы № 356 қаулысына 1- қосымша |
2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квота мөл шері (%) | Жұмыс орындарының саны (адам) |
1. | "Гемма" Өндірістік-сауда фирмасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 158 | 1% | 2 |
2. | "Фирма Эталон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 90 | 1% | 1 |
3. | "Пихта орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 49 | 1% | 1 |
Барлығы: | 297 | 4 |
Риддер қаласы әкімдігінің 2020 жылғы "11" маусымдағы № 356 қаулысына 2 - қосымша |
2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квота белгіленетің ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлер дің тізімдік саны (адам) | Квота мөл шері (%) | Жұмыс орындарының саны (адам) |
1. | Риддер қаласы әкімдігінің "Водоканал" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 210 | 1% | 2 |
2. | Жауапкершілігі шектеулі серіктестік "Успех-Восток" Корпорациясы" | 192 | 1% | 2 |
3. | "Тексти-Лайн Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 234 | 1% | 2 |
4. | "Service Line" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 182 | 1% | 2 |
5. | "Гемма" Өндірістік-сауда фирмасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 158 | 1% | 2 |
6. | "Риддер ТЭЦ" акционерлік коғамы | 276 | 1% | 3 |
7. | "Фирма Эталон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 97 | 1% | 1 |
8. | "Шыгысстройиндустрия" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 109 | 1% | 1 |
9. | "ВостокЭнергоИндустрия" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 141 | 1% | 1 |
10. | "SAMID" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 300 | 1% | 3 |
11. | "Риддер геологиялық барлау кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестік филиалы | 64 | 1% | 1 |
Барлығы: | 1963 | 20 |
Риддер қаласы әкімдігінің 2020 жылғы "11" маусымдағы № 356 қаулысына 3 - қосымша |
2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квота белгіленетің ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлер дің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (%) | Жұмыс орындарының саны (адам) |
1. | Риддер қаласы әкімдігінің "Водоканал" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 210 | 1% | 2 |
2. | Жауапкершілігі шектеулі серіктестік "Успех-Восток" Корпорациясы" | 192 | 1% | 2 |
3. | "Тексти-Лайн Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 234 | 1% | 2 |
4. | "Service Line" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 182 | 1% | 2 |
5. | "Гемма" Өндірістік-сауда фирмасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 158 | 1% | 2 |
6. | "Риддер ТЭЦ" акционерлік коғамы | 276 | 1% | 3 |
7. | "Фирма Эталон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 97 | 1% | 1 |
8. | "Шыгысстройиндустрия" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 109 | 1% | 1 |
9. | "ВостокЭнергоИндустрия" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 141 | 1% | 1 |
10. | "SAMID" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 300 | 1% | 3 |
11. | "Риддер геологиялық барлау кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестік филиалы | 64 | 1% | 1 |
Барлығы: | 1963 | 20 |