2019 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 707 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 қыркүйекте № 6133 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 356 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 11.06.2020 № 356 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2019 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан 0,5 пайыз мөлшерінде осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. 2019 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 270 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-4-170 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 25 сәуірінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қаласының әкімі Ж. Мұратов

  Риддер қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "26" тамыздағы
№ 707 қаулысына
1 қосымша

2019 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

    №

Ұйымның атауы

жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1.

"Гемма" Өндірістік-сауда фирмасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

158

0,5

1

2.

"Фирма Эталон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

102

0,5

1


Барлығы:

260


2

  Риддер қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "26" тамыздағы
№ 707 қаулысына
2 косымша

2019 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квота белгіленетің ұйымдардың тізімі

    №

Ұйымның атауы

жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1.

"Л- ТВК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

146

1%

1

2.

Риддер қаласы әкімдігінің "Водоканал" щаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік қәсіпорны

204

1%

2

3.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік "Успех-Восток" Корпорациясы"

187

1%

2

4.

"Тексти-Лайн Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

215

1%

2

5.

"Гемма" Өндірістік-сауда фирмасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

158

1%

2

6.

"Компания "ЛК ГЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестік филиалы

127

1%

1

7.

"Риддер Электромонтаж" ("РЭМ") жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

95

1%

1

8.

"Риддер ТЭЦ" акционерлік коғамы

345

1%

3

9.

"Фирма Эталон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

102

1%

1

10.

"Шыгысстройиндустрия" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

127

1%

1

11.

"Восток ЭнергоИндустрия" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

401

1%

4

12.

"АИЛ" Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

50

1%

1


Барлығы:

2157


21


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады