ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 5-1) тармағына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 17 маусымдағы қорытындысына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласының төмендегі көшелері қайта аталсын:
"Заезжий двор" көшесі – "Жантуяк Мусапарбеков" атындағы көшесіне;
"М. Горький" көшесі – "Рауль Тулендин" атындағы көшесіне;
"Маяковская" көшесі – "Сатыбалды Ешмағамбетов" атындағы көшесіне.
2. Осы бірлескен шешім мен қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аягөз ауданының әкімі ______________С. Искаков |
Сессия төрағасы
Аягөз аудандық мәслихат хатшысы |