Көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 84 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 52/444-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 қыркүйекте № 7552 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 5-1) тармағына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 17 маусымдағы қорытындысына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласының төмендегі көшелері қайта аталсын:

      "Заезжий двор" көшесі – "Жантуяк Мусапарбеков" атындағы көшесіне;

      "М. Горький" көшесі – "Рауль Тулендин" атындағы көшесіне;

      "Маяковская" көшесі – "Сатыбалды Ешмағамбетов" атындағы көшесіне.

      2. Осы бірлескен шешім мен қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аягөз ауданының әкімі ______________С. Искаков


Сессия төрағасы
___________Н. Токтабаев

Аягөз аудандық мәслихат хатшысы
____________К. Досиханов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады