ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Аягөз аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 244 ұсынысы негізінде, Ақшәулі ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Аягөз ауданы Ақшәулі ауылдық округінің "Рәуән Роза" шаруа қожалығының аумағына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақшәулі ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 1 "Аягөз ауданы Ақшәулі ауылдық округінің "Рәуән Роза" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7193 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 19 маусымда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақшәулі ауылдық округінің әкімі | С. Мустафин |