Аягөз ауданы Ақшәулі ауылдық округінің "Рәуан Роза" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Ақшәулі ауылдық округінің әкімінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 маусымда № 7193 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Ақшәулі ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Ақшәулі ауылдық округі әкімінің 07.10.2020 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Аягөз аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың 2020 жылғы 25 мамырдағы № 134 ұсынысы негізінде, Ақшәулі ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Мүйізді ірі қара малдардың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты Аягөз ауданы Ақшәулі ауылдық округінің "Рәуан Роза" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақшәулі ауылдық округінің әкімі С. Мустафин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады