Ескерту. Күші жойылды-Абай облысы Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімінің 01.09.2022 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Аягөз аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың 2020 жылғы 02 желтоқсандағы № 349 ұсынысы негізінде, Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Мүйізді ірі қара малдардың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Ай ауылы Ай көшесінің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы |
Д. Бейсенов |