Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Ай ауылы Ай көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі № 4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 қыркүйекте № 29390 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Аягөз аудандық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 25 мамырдағы № 368 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылдық округінің Ай ауылы Ай көшесі аумағында ірі қара малдың арасында бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 1 "Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Ай ауылы Ай көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7991 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі Д. Бейсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады