ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Бесқарағай ауылдық округінің Бесқарағай ауылындағы телефон кәрізін пайдалану үшін көлемі 0,2331 га жер учаскелерін алып қоймай, 10 жыл мерзімге, есептік кварталы 05-240-002 қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) Осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жіберу
3) осы шешімді Бесқарағай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру;
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бесқарағай ауылдық округінің әкімі | Ю. Слоницкий |