"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 8 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 қарашада № 7773 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Бесқарағай ауылдық округінің Бесқарағай ауылындағы телефон кәрізін пайдалану үшін көлемі 0,2331 га жер учаскелерін алып қоймай, 10 жыл мерзімге, есептік кварталы 05-240-002 қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) Осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жіберу

      3) осы шешімді Бесқарағай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру;

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бесқарағай ауылдық округінің әкімі Ю. Слоницкий

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады