ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69–бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35–бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Жетіжар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Жетіжар ауылдық округінің Кривинка ауылында телефон каналдарын пайдалану үшін көлемі 0,0041 га жер учаскелерін алып қоймай, 10 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін, есептік кварталы 05-240-020.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберу;
3) осы шешімді Бесқарағай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етілсін:
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жетіжар ауылдық округі әкімі | Т. Байзаков |