Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 06.10.2023 № 8-10-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5 - тармағына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару, өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бородулиха ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына, бюджет қаражаты есебінен 11,197 (он бір бүтін жүз тоқсан жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
2. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (одан әрі - әлеуметтік қолдау) келесі тәртібі белгіленсін:
1) әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – "ШҚО Бородулиха ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады;
2) әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктердегі жеке (карточкалық) шотының болуын растайтын құжаттың қоса ұсынылуымен отырып денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мемлекеттік ұйымдардың ұсынулары бойынша ауылдық, кенттік округтер әкімдіктері бекіткен жиынтық тізімдердің негізінде, алушылардан өтініштер талап етпей көрсетіледі;
3) әлеуметтік қолдау Бородулиха ауданының аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі;
4) әлеуметтік қолдау жылына бір рет екінші деңгейдегі банктер арқылы беріледі.
3. "Бородулиха ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 қазандағы № 28-3-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-8-177 нөмірімен тіркелген, "Пульс района", "Аудан тынысы" аудандық газеттерінде 2018 жылғы 16 қарашада, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 19 қарашада жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Ежова |
Аудандық мәслихат хатшысы | У. Майжанов |