Бородулиха ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 қазандағы № 28-3-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 9 қарашада № 5-8-177 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 шілдедегі № 51-8-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 03.07.2020 № 51-8-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18- бабының 5-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бородулиха ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жылына бір рет 15000 (он бес мың) теңге мөлшерде көрсетіледі.

      2. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу (әрі қарай – әлеуметтік қолдау) бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің келесі тәртібі белгіленсін:

      1) әлеуметтік қолдау көрсетуді тағайындау уәкілетті орган – "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (әрі қарай – қызмет беруші) жүзеге асырылады;

      2) жеке тұлға (немесе оның нотариалдық сенімхатпен расталған өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға, қызмет берушіге немесе кент, ауылдық округ әкіміне еркін түрдегі өтінішпен жүгінеді және келесі құжаттарды ұсынады:

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет);

      тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе кент, ауылдық округ әкімінің анықтамасы);

      жұмыс орнынан анықтама;

      екінші деңгейдегі банкте немесе банктік операцияларды жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екендігін растайтың құжат;

      3) әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім немесе бас тарту туралы дәлелді жауап әлеуметтік қолдауды тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органмен келесі мерзімде қабылданады:

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға, қызмет берушіге жүгінген кезде –қызмет берушімен құжаттар топтамасы тіркелген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;

      тұрғылықты жері бойынша кент, ауылдық округтің әкіміне құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

      4) әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тартуға:

      өтініш беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;

      өтініш беруші берген мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі;

      Бородулиха ауданынан тыс ауылдың жерде тұруы;

      лауазымдарды біріктірген кезде негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымы, әлеуметтік қолдауға құқық беретін лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі;

      ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл ішінде екінші рет жүгінуі негіз болып табылады.

      3. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы К. Апенов
      Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов

  Бородулиха
аудандық мәслихатының
2018 жылғы 19 қазандағы
№ 28-3-VI шешіміне қосымша

Бородулиха аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 15-7-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2999 нөмірімен тіркелген, "Аудан тынысы","Пульс района" газеттерінде 2013 жылғы 2 тамызда жарияланған) шешімі.

      2. "Бородулиха аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 15-7-V "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 24-6-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3410 нөмірімен тіркелген, "Аудан тынысы", "Пульс района" газеттерінде 2014 жылғы 1 тамызда жарияланған) шешімі .

      3. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 15-7-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 20-9-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5612 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 19 сәуірде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады