ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Жарма аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күштері жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кеиін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | К. Догалбаев |
Жарма аудандық мәслихатының хатшысы | А. Сахметжанова |
Жарма аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымы № 47/417-VI шешіміне қосымша |
Жарма аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күштері жойылған тізбесі
1. Жарма аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 наурыздағы № 38/313-VІ "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4489 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылы 11 мамырда жарияланған) шешімі.
2. Жарма аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 қазандағы № 39/319-VІ "Жарма аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 наурыздағы № 38/313-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6264 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 13 қарашада жарияланған) шешімі.
3. Жарма аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 наурыздағы № 10/84-VI ""Жарма аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4954 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 26 сәуірде, "Қалба тынысы" газетінде 2017 жылы 29 сәуірде жарияланған) шешімі.