Жарма аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 наурыздағы № 38/313-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 қазандағы № 39/319-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 қарашада № 6264 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 47/417-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 24.06.2020 № 47/417-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жарма аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 наурыздағы № 38/313-V "Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4489 болып тіркелген, 2016 жылы 30 сәуірде "Қалба тынысы" газетінде, 2016 жылы 11 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген, Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша реттеу тәртібінде:

      2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Митингілер мен жиналыстар өткізілетін орындар:

      Қалбатау ауылы

      а) аудандық Мәдениет үйінің жанындағы орталық алаң (Достық көшесі 92).

      Шар қаласы

      а) қалалық Мәдениет үйінің алдындағы алаң (Қабанбай көшесі 124).";

      3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Шерулер мен демонстрациялар келесі маршрут бойынша өтеді:

      Қалбатау ауылы

      Достық көшесіндегі орталық алаңнан, Достық көшесі бойымен Достық – Әлімбетов көшелерінің қиылысына дейін төмен қарай қозғалу, Әлімбетов көшесі бойымен Әлімбетов – Қабанбай көшелерінің қиылысына дейін төмен қарай қозғалу, Қабанбай көшесі бойымен Қабанбай – Мұсылманқұлов көшелерінің қиылысына дейін жоғары қарай қозғалу, Мұсылманқұлов қөшесі бойымен Мұсылманқұлов – Достық көшелерінің қиылысына дейін жоғары қарай қозғалу, Достық көшесі бойымен орталық алаңға дейін төмен қарай қозғалу.

      Шар қаласы

      Қабанбай көшесіндегі қалалық Мәдениет үйінің жанындағы алаңнан, Қабанбай көшесімен Қабанбай (53) – Амангелді көшелерінің қиылысына дейін жоғары қарай қозғалу, Амангелді көшесімен Амангелді (42) – Лекеров көшелерінің қилысына дейін жоғары қарай қозғалу, Лекеров көшесі бойымен Лекеров (100) – Амангелді көшелері қиылысына дейін төмен қарай қозғалу, Амангелді – Қабанбай көшелерінің қиылысынан қалалық Мәдениет үйінің жанындағы алаңға қарай қозғалу.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Оспанбаев
      Жарма аудандық мәслихатының хатшысы А. Сахметжанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады