ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік инспекторының 2020 жылғы 1 шілдедегі № 388 ұсынысы негізінде, Суықбұлақ кентінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ірі қара малдардың арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Жарма ауданының Суықбұлақ кентіне қарасты Ұзынжал ауылынан және "Руслан" шаруа қожалығынан шектеу іс – шаралары алынсын.
2. Жарма ауданы Суықбұлақ кенті әкімінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 1 "Жарма ауданының Суықбұлақ кентіне қарасты Ұзынжал ауылына және "Руслан" шаруа қожалығына шектеу іс шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6651 тіркелген, 2020 жылғы 20 желтоқсандағы "Қалба тынысы" аудандық газетінде жарияланған және 2020 жылы 29 қаңтарында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. "Суықбұлақ кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жарма ауданы әкімінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Суықбұлақ кентінің әкімі | А. Юсупов |