Жарма ауданының Суықбұлақ кентіне қарасты Ұзынжал ауылына және "Руслан" шаруа қожалығына шектеу іс шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Суықбұлақ кенті әкімінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 қаңтарда № 6651 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Суықбұлақ кенті әкімінің 2020 жылғы 13 шілдедегі № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Суықбұлақ кенті әкімінің 13.07.2020 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 588 ұсыныс хаты негізінде Суықбұлақ кенті әкімі ШЕШТІ:

      1. Ірі қара малдардың арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Жарма ауданының Суықбұлақ кентіне қарасты Ұзынжал ауылына және "Руслан"шаруа қожалығына шектеу іс- шаралары белгіленсін.

      2. "Суықбұлақ кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Суықбұлақ кентінің әкімі А. Юсупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады