Алтай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 67/3-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 маусымда № 7194 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 4/8-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 20.06.2023 № 4/8-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1- тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алтай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, бюджет қаражаты есебінен 11,197 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік қолдау көрсетілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 26.03.2021 № 3/4-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (одан әрі - әлеуметтік қолдау) келесі тәртібі белгіленсін:

      1) әлеуметтік қолдау тағайындауды уәкілетті орган - "Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жиынтық тізімдердің негізінде жүзеге асырылады;

      2) әлеуметтік қолдау Алтай ауданының ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі;

      3) әлеуметтік қолдау жылына бір рет "Қазпошта" акционерлік қоғамының бөлімшесі арқылы ұсынылады.

      3. Әлеуметтік қолдау ұсынудан бас тартуға негіздер:

      1) Алтай ауданынан тыс ауылды жерде тұруы;

      2) жргілікті атқарушы органмен бекітілетін, әлеуметтік қолдауды алуға құқығы бар лауазымдар тізіміне сәйкес келмесе;

      3) ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл ішінде екінші рет жүгінуі.

      4. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Алтай ауданының мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Л. Попова
      Алтай ауданының мәслихат хатшысы Л. Гречушникова

  Алтай
ауданының мәслихатының
2020 жылғы 11 маусымы
№ 67/3-VI шешіміне қосымша

Алтай ауданының мәслихатының кейбір күшін жойған шешімдерінің тізімі

      1) Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының мәслихатының 2018 жылғы 22 қарашадағы 38/3-VI "Зырян ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-12-172 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 11 желтоқсанда жарияланған) шешімі;

      2) Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының мәслихатының 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 47/15- VI "Зырян ауданының мәслихатының 2018 жылғы 22 қарашадағы 38/3-VI "Зырян ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5884 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 3 мамырда жарияланған) шешімі;

      3) Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының мәслихатының 2020 жылғы 27 ақпандағы № 62/3-VI "Алтай ауданының мәслихатының 2018 жылғы 22 қарашадағы № 38/3-VI "Алтай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешімнің қолданылуын тоқта тұру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6760 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 19 наурызда жарияланған) шешімі.

Об оказании социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Алтай

Решение маслихата района Алтай Восточно-Казахстанской области от 11 июня 2020 года № 67/3-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 17 июня 2020 года № 7194. Утратило силу решением маслихата района Алтай Восточно-Казахстанской области от 20 июня 2023 года № 4/8-VIII

      Сноска. Утратило силу решением маслихата района Алтай Восточно-Казахстанской области от 20.06.2023 № 4/8-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", маслихат района Алтай РЕШИЛ:

      1. Оказать социальную поддержку по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств, в размере 11,197 месячных расчетных показателей специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Алтай, без истребования заявлений от получателей.

      Сноска. Пункт 1 в редакции решения маслихата района Алтай Восточно-Казахстанской области от 26.03.2021 № 3/4-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Определить следующий порядок оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива (далее - социальная поддержка):

      1) назначение социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом – государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ района Алтай" на основании сводных списков, утвержденных первыми руководителями государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии;

      2) социальная поддержка оказывается лицам, постоянно проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Алтай;

      3) социальная поддержка предоставляется один раз в год через отделения акционерного общества "Казпочта".

      3. Основания для отказа предоставляемой социальной поддержки:

      1) проживание в сельской местности за пределами района Алтай;

      2) несоответствие перечню должностей, имеющих право на социальную поддержку, устанавливаемые местным исполнительным органом;

      3) повторное обращение в течение года, в случае назначения социальной поддержки в текущем году.

      4. Признать утратившими силу некоторые решения маслихата района Алтай согласно приложению к настоящему решению.

      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Л. Попова
      Секретарь маслихата района Алтай Л. Гречушникова

  Приложение к решению
маслихата района Алтай
от 11 июня 2020 года № 67/3-VI

Перечень утративших силу некоторых решений маслихата района Алтай

      1) решение маслихата Зыряновского района Восточно-Казахстанской области от 22 ноября 2018 года № 38/3-VI "Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Зыряновского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5-12-172, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 11 декабря 2018 года);

      2) решение маслихата района Алтай Восточно-Казахстанской области от 12 апреля 2019 года № 47/15-VI "О внесении изменений в решение маслихата Зыряновского района от 22 ноября 2018 года № 38/3-VI "Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Зыряновского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5884, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 3 мая 2019 года);

      3) решение маслихата района Алтай Восточно-Казахстанской области от 27 февраля 2020 года № 62/3-VI "О приостановлении действия решения маслихата района Алтай от 22 ноября 2018 года № 38/3-VІ "Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Алтай" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6760, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 19 марта 2020 года).