Зырян ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 2018 жылғы 22 қарашадағы № 38/3-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 27 қарашада № 5-12-172 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 67/3-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 11.06.2020 № 67/3-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 821 "Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданын және Зырян қаласын Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы және Алтай қаласы деп қайта атау туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 - бабының 5 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабы 1 - тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 12.04.2019 № 47/15-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Алтай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жылына бір рет 25920 (жиырма бес мың тоғыз жүз жиырма) теңге мөлшерде көрсетіледі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 12.04.2019 № 47/15-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу (әрі қарай - әлеуметтік қолдау) бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің келесі тәртібі белгіленсін:

      1) әлеуметтік қолдау тағайындауды уәкілетті орган – "Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады;

      2) әлеуметтік қолдау алу үшін жеке тұлға (немесе оның нотариалдық сенімхатпен расталған өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға еркін түрде өтінішпен көрсетілетін қызметті берушіге немесе кент, ауылдық округ әкіміне жүгінеді және келесі құжаттарды ұсынады:

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет);

      тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не кент, ауылдық округ әкімінің анықтамасы);

      жұмыс орнынан анықтама;

      екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенін растайтық құжат;

      3) әлеуметтік қолдау тағайындау туралы шешімді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты әлеуметтік қолдауды тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органмен келесі мерзімде қабылданады:

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;

      тұрғылықты жері бойынша кент, ауылдық округтің әкіміне құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

      4) әлеуметтік қолдау тағайындаудан бас тартуға:

      өтініш беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;

      өтініш беруші берген мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі;

      Алтай ауданынан тыс ауылды жерде тұруы;

      лауазымдарды біріктірген кезде негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымы әлеуметтік қолдауға құқық беретін лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі;

      ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл ішінде қайта жүгінуі негіз болады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 12.04.2019 № 47/15-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. "Зырян ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін, мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек, әлеуметтік кепілдіктер және әлеуметтік қолдау көрсету туралы" Зырян ауданының мәслихатының 2017 жылғы 5 маусымдағы № 18/4 -VI шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5093 тіркелген, 2017 жылғы 29 маусымдағы "Көктас таңы", "Пульс! Зыряновска" газеттерінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 30 маусымда электрондық түрде жарияланған).

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы О. Ледянкин
      Зырян ауданының мәслихат хатшысы Л. Гречушникова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады