ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы қортындысына сәйкес, Феклистовка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Северное ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алтай ауданы Феклистовка ауылының Киров көшесі Қайнар көшесі болып қайта аталсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Северное ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін белгіленген тәртіппен;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Алтай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберу;
3) ресми жарияланғаннан кейін Алтай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Северное ауылдық округінің әкімі | Р. Мусоболинова |