Алтай ауданы Северное ауылдық округінің Феклистовка ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Северное ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 маусымда № 7146 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы қортындысына сәйкес, Феклистовка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Северное ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алтай ауданы Феклистовка ауылының Киров көшесі Қайнар көшесі болып қайта аталсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Северное ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін белгіленген тәртіппен;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Алтай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберу;

      3) ресми жарияланғаннан кейін Алтай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Северное ауылдық округінің әкімі Р. Мусоболинова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады