ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 -тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес, Тұрғысын ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Тұрғысын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
1. Алтай ауданы Тұрғысын ауылдық округінің Тұрғысын ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Безымянная көшесі Павел Кольцов көшесіне;
2) Заводская көшесі Талғат Бигельдинов көшесіне;
3) Первомайская көшесі Абай көшесіне.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданынің Тұрғысын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіптен:
1) осы шешімді Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімін мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Алтай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберу;
3) ресми жарияланғаннан кейін Алтай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тұрғысын ауылдық округіңін әкімі | Д. Кожанова |