Алтай ауданы Тұрғысын ауылдық округінің Тұрғысын ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Тұрғысын ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 сәуірде № 6998 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 -тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес, Тұрғысын ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Тұрғысын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

      1. Алтай ауданы Тұрғысын ауылдық округінің Тұрғысын ауылының көшелері қайта аталсын:

      1) Безымянная көшесі Павел Кольцов көшесіне;

      2) Заводская көшесі Талғат Бигельдинов көшесіне;

      3) Первомайская көшесі Абай көшесіне.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданынің Тұрғысын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіптен:

      1) осы шешімді Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімін мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Алтай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберу;

      3) ресми жарияланғаннан кейін Алтай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тұрғысын ауылдық округіңін әкімі Д. Кожанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады