ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 17/160-VI "Тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-13-135 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;
2) Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 18/171-VI "Катонқарағай ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 17/160-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-13-143 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Джумагулова |
Мәслихат хатшысы | Д. Бралинов |