Катонқарағай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 8 шілдедегі № 40/359-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 шілдеде № 7369 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 17/160-VI "Тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-13-135 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      2) Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 18/171-VI "Катонқарағай ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 17/160-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-13-143 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

      2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Джумагулова
      Мәслихат хатшысы Д. Бралинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады