Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 55/3-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 қарашада № 7772 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8, 9-баптарына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Нурумова
      Күршім аудандық мәслихат хатшысы Л. Кемешева

  Күршім аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 21 қазандағы
№ 55/3-VI шешіміне
қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт түрде, қарусыз жиналу арқылы жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер және пикеттер өткізу құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

      2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын болып "Жастар ресурстық орталығы" ғимаратының жанындағы орталық алаң белгіленсін (Күршім ауылы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 120).

      3. Арнайы орындарды шекті толтыру нормасы елу адамнан аспауы тиіс.

      4. Шерулер мен демонстрациялардың бағыты: Күршім ауылы - орталық алаңы, Исабеков көшесінен Бауыржан Момышұлы көшесімен Ибежанов көшесіне дейін (Бауыржан Момышұлы көшесі 120) қозғалу.

      5. Күршім ауданы әкімдігінің өкілі хабарламаны/өтінішті оң қараған кезде бейбіт жиналысты ұйымдастырушымен немесе ұйымдастырушының өкілімен бірлесіп, іс- шараны өткізу тәртібін келісу үшін бір күн бұрын арнайы өткізу орнына мынадай мәселелермен барады:

      1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісі;

      2) периметрді анықтау және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамаларымен танысу үшін;

      3) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңында (бұдан әрі - Заң) көзделген жағдайларда бейбіт жиналыстар өткізу кезінде ұйымдастырушының немесе ұйымдастырушы өкілімен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін дыбыс деңгейі бар дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын, сондай-ақ, көлік құралдарын пайдалану;

      4) ұйымдастырушының немесе ұйымдастырушы өкілімен бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалану;

      5) шеру және демонстрация маршрутымен танысу үшін.

      6. Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар және оның қатысушылары Заңның 5 және 6-баптарының талаптарын сақтауы қажет.

      7. Бейбiт жиналыстар өткiзудi материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етудi оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебiнен, сондай-ақ осы бейбiт жиналыстарды өткiзу үшiн жиналған және (немесе) берiлген қаражат пен мүлiк есебiнен жүзеге асырады.

      8. Заңның 9-бабының 5-тармағында көзделген объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 500 метр арақашықтықта пикет жүргізуге тыйым салынады.

О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний, порядке их использования, нормах их предельной заполняемости, требованиях к их материально-техническому и организационному обеспечению, границах прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

Решение Курчумского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 21 октября 2020 года № 55/3-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 5 ноября 2020 года № 7772

      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьями 8, 9 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" Курчумский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить специализированные места для организации и проведения мирных собраний, порядок их использования, нормы их предельной заполняемости, требования к их материально-техническому и организационному обеспечению, границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Б. Нурумова
      Секретарь Курчумского районного маслихата Л. Кемешева

  Приложение
к решению Курчумского
районного маслихата
от 21 октября 2020 года
№ 55/3-VI

Cпециализированные места для организации и проведения мирных собраний, порядок их использования, нормы их предельной заполняемости, требования к их материально-техническому и организационному обеспечению, границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

      1. Специализированные места для организации и проведения мирных собраний, порядок их использования, нормы их предельной заполняемости, требования к их материально-техническому и организационному обеспечению направлены на обеспечение реализации установленного Конституцией Республики Казахстан права граждан Республики Казахстан собираться мирно, без оружия, проводить собрания, митинги и демонстрации, шествие и пикетирование.

      2. Специализированным местом для организации и проведения мирных собраний определить центральную площадь возле здания "Молодежного ресурсного центра" села Курчум (село Курчум, улица Бауыржан Момышұлы, 120).

      3. Норма предельной заполняемости специализированного места не должна превышать пятьдесят человек.

      4. Маршрут шествий и демонстраций: село Курчум - центральная площадь, движение от улицы Исабекова по улице Бауыржан Момышулы до улицы Ибежанова (улица Бауыржан Момышұлы 120).

      5. Представитель акимата Курчумского района, при положительном рассмотрении уведомления/заявления, совместно с организатором или представителем организатора мирного собрания выезжает на специализированное место проведения за один день для согласования порядка проведения мирного собрания по вопросам:

      1) отличительного знака организаторов мирных собраний;

      2) для определения периметра и ознакомления с материально-техническими характеристиками места проведения;

      3) использования организатором или представителем организатора при проведении мирных собраний звукоусиливающих технических средств с уровнем звука, соответствующим законодательству Республики Казахстан, плакаты, транспаранты и иные средства наглядной агитации, а также транспортные средства в случаях, предусмотренных Законом Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее - Закон);

      4) использования организатором или представителем организатора средств аудиовизуальной техники, а также техники для произведения видео и фотосъемки при проведении мирных собраний;

      5) для ознакомления с маршрутом шествия и демонстрации.

      6. В день проведения мирного собрания организаторам и его участникам необходимо соблюдать требования статей статей 5 и 6 Закона.

      7. Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний.

      8. Запрещается проведение пикетирования на расстоянии не менее 500 метров от прилегающих территорий объектов, указанных в пункте 5 статьи 9 Закона.